Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте инвесторлар үшін қолайлы ахуал қалыптастыру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Президент инвестициялық климатты жақсарту үшін нақты шаралар қабылдау керектігін атап өтті. Оның айтуынша, инвесторларға қолдау көрсету – экономикалық өсудің басты факторы.
«Инвесторларға барынша жайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз. Олардың жобаларын жүзеге асыру үшін кедергілерді жою қажет», – деді Президент.
Кеңес барысында Алатау қаласының инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы тиісті министрліктерге нақты тапсырмалар берді.

