Сурет: Egemen Qazaqstan
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алатауды дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын қайта көтеріп, сын айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы «штрафстан», «айыппұлстан» деген сынды сылдыр сөздерді айтып жүргендерді қатаң сынға алды. Оның айтуынша, мұндай жалған ақпарат тарату – ел бірлігіне нұқсан келтіреді.
«Таза Қазақстан» – бұл тек тазалық емес, тәртіп пен жауапкершілік. Кейбір азаматтар бос сөзбен айналысып, халықты адастырмауы керек», – деді Президент.
Тоқаев барлық өңірлердегі әкімдерге «Таза Қазақстан» бағдарламасын нақты іске асыруды тапсырды. Ол аймақтардағы абаттандыру жұмыстарын қатаң бақылауға алуды ескертті.

