Categories Әлем

БҰҰ қазынасы таусыла ма: АҚШ қарызы 1 млрд долларға жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржылық дағдарысқа тап болды. Уолл-стрит журналының хабарлауынша, ұйымның қаражаты тамыз айының ортасына қарай таусылуы мүмкін. Бұған негізгі себеп – АҚШ-тың БҰҰ алдындағы қарызы 1 миллиард доллардан асып кеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта БҰҰ-ның бюджет тапшылығы 859 миллион долларды құрайды. Ал егер АҚШ өз міндеттемелерін уақтылы өтемесе, ұйым жалақы төлеу мен гуманитарлық жобаларды тоқтатуға мәжбүр болады.

«Біз ақшаны үнемдеу шараларын қабылдап жатырмыз, бірақ бұл ұзаққа бармайды. Тамыз айына дейін шешім табылмаса, БҰҰ қызметін қысқартуға тура келеді», – деді ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш.

Сарапшылардың пікірінше, Вашингтон өз қарызын өтеуге асықпай отыр. Бұл жағдай БҰҰ-ның беделіне нұқсан келтіріп, халықаралық ынтымақтастыққа қауіп төндіреді. Егер АҚШ қарызды жаппаса, ұйым дамушы елдерге көмек көрсету бағдарламаларын тоқтатуы ықтимал.

Ұқсас жазбалар

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…

Мамыр айында шекарадан өтпек болған мыңнан астам шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі мамыр айында 3 881 заңбұзушыны ұстады, оның 1 125-і шетел азаматтары. Сондай-ақ…