Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда 1 маусымнан бастап көлігін қысқы шинамен жүргізген жүргізушілерге айыппұл салынады. Жазғы шина маусымы ресми түрде басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Енді жол ережесіне сәйкес, көлік иелері міндетті түрде жазғы шинаға ауысуы керек. Қысқы шинамен жүру тәртіп бұзушылық саналады.
«Жазғы шинаның протекторының тереңдігі 1,6 миллиметрден кем болмауы тиіс. Әйтпесе, жүргізушіге айыппұл салынады», – дейді мамандар.
Айыппұл мөлшері – 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни қазіргі уақытта 17 250 теңге. Бұл талапты елемеген жүргізушілерді полиция тоқтатып, хаттама толтырады.
Сондай-ақ, жазғы шинаның дұрыс таңдалуы – қауіпсіздік кепілі. Егер шина тозған болса немесе жарамсыз болса, айыппұлдан бөлек, апатқа ұшырау қаупі артады.

