Астанадағы LRT екі аптада 1 миллион жолаушы тасымалдады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) іске қосылғаннан бері екі апта ішінде 1 миллион жолаушыны тасымалдады. Күн сайын бұл көлікті орта есеппен 65-75 мың адам пайдаланып жүр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа жүйе жолаушылар ағынын едәуір жеңілдеткен. Әсіресе таңғы және кешкі сағаттарда LRT-ге сұраныс жоғары.

«Біздің басты мақсатымыз – қоғамдық көлікті ыңғайлы әрі қолжетімді ету. LRT осы бағыттағы маңызды қадам», – деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта LRT желісін кеңейту жоспарлары қарастырылуда. Жаңа бағыттар қаланың шеткі аудандарын орталықпен байланыстыруы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…

Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орта білім жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Оқу-ағарту…