Сурет: Egemen Qazaqstan
31 мамырда Қазақстанның оңтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы күрт көтеріледі. «Қазгидромет» мамандары аптап ыстықтың келетінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, күндізгі ауа температурасы +30…+35 градусқа дейін жетеді. Түнде де салқындау болмайды, термометр бағандары +20…+25 градусты көрсетеді.
«Ыстық ауа райына байланысты суды көп ішіп, күн астында ұзақ жүрмеуге кеңес береміз», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.
Ал солтүстік және шығыс аймақтарда күн бұлтты болып, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел бағыты оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысында ауа райы салыстырмалы түрде қалыпты болады. Күндіз +25…+30 градус, жауын-шашын күтілмейді.

