Categories Қаржы

Қазақстанда жүк-багаж тасымалы цифрландырылады: пилоттық жоба іске қосылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа жүйе багажды қадағалауды автоматтандырып, жолаушыларға нақты уақыт режимінде жүктерінің орнын білуге мүмкіндік береді. Пилоттық жоба алдымен ірі вокзалдарда сыналады.

Бұл технология багажды жоғалту немесе шатастыру қаупін азайтады. Жолаушылар өз жүктерін QR-код арқылы бақылай алады, – деді компания өкілі.

Егер сынақ сәтті өтсе, жобаны еліміздің барлық теміржол вокзалдарына енгізу жоспарланып отыр. Цифрлық жүйе жолаушыларға ыңғайлылықты арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартады деп күтілуде.

Ұқсас жазбалар

Еңбек министрлігі: Жеткіліктілік шектерін көтеру болашақ зейнетақыны қорғауға бағытталған

Еңбек министрлігі зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсуіне қатысты ресми…

Зейнетақы жинағын алудың жаңа жеткіліктілік шектері жарияланды

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану үшін қажетті жаңа ең төменгі жеткіліктілік шектерін…

Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті

Қазақстанда май өнімдерінің экспорттық кірісі төрт жылда төрт есеге артып, 963 млн долларға жетті. Бұл…