Сурет: istockphoto.com
Қазақстанда ана өлімі көрсеткіші биыл 43 пайызға кеміген. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің айтуынша, мұндай нәтижеге медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен перинаталдық көмекті жақсарту арқылы қол жеткізілген.
«Ана өлімін азайту – басты басымдығымыздың бірі. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады», – деді Сұлтанғазиев.
Мамандар босану кезіндегі қауіпті жағдайларды азайту үшін облыстарда арнайы орталықтар ашылғанын атап өтті. БҚО-да да осындай шаралар қолға алынған.

