Сурет: Egemen Qazaqstan
Алматыдағы Ұлттық орталық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі толық жаңартылды. Енді мұражай ішіндегі температура мен ылғалдылық тұрақты деңгейде сақталып, құнды экспонаттар сыртқы әсерден қорғалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Жаңа жүйе ауаны тазартып қана қоймай, музейдің энергия тиімділігін де арттырды.
«Біздің мақсат – келушілерге ыңғайлы жағдай жасау және ұлттық құндылықтарды сақтау. Жаңа жабдықтар ең заманауи үлгіде таңдалды», – деді музей әкімшілігінің өкілі.
Жаңарту жұмыстары бірнеше айға созылды. Қазіргі таңда жүйе сынақтан сәтті өтіп, толық қуатында жұмыс істеп тұр.

