Сурет: Aikyn.kz
Астананың 80 жастағы тұрғыны Оңтүстік Африкадағы Кейптаун марафонына қатысып, жарақатына қарамастан жарысты аяқтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қарт спортшы ардагерлер арасындағы халықаралық жарыста бақ сынаған. Ол алдын ала алған жарақатына қарамастан, марафонды сәтті аяқтап, қарсыластарын таңғалдырды.
«Мен үшін жасымның үлкендігі емес, рухымның мықтылығы маңызды. Жарақат болса да, жеңіске деген құлшынысымды жеңе алмадым», — деді жүгіруші.
Бұл — қарияның шетелдегі алғашқы марафоны емес. Ол бұған дейін де бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге жеткен.

