Categories Жайық news

Оралда аптап ыстық: жәрмеңкеде ет пен балық сатуға тыйым салынды

Сурет: istockphoto.com

Оралда 30-31 мамыр күндері ауа температурасы 30 градустан асады деп күтілуде. Осыған байланысты қала әкімдігі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде ет, тауық және балық өнімдерін сатуға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Өйткені ыстықта тез бұзылатын өнімдер сапасын жоғалтып, тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Әкімдік бұл шараны халықтың қауіпсіздігі үшін қабылдағанын айтады.

«Аптап ыстық кезінде ет, балық және тауық өнімдерін ашық аспан астында сатуға рұқсат жоқ. Сатып алушыларға сапасыз тауар өтпеуі үшін осындай шектеу енгіздік», — деді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің маманы.

Жәрмеңкеге келушілерге тек көкөніс, жеміс-жидек және басқа да ұзақ сақталатын өнімдерді сатып алуға болады. Әкімдік өзге де қауіпсіздік шараларын күшейтпек.

Ұқсас жазбалар

Баспана, медициналық көмек және жеңілдіктер: мәдениет саласындағы әлеуметтік қолдау тетіктері

Елімізде мәдениет саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар Мемлекет…

Студенттер экологиялық сағат өткізді  

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті Жәңгір хан атындағы…

Астанада дрон көмегімен заңсыз топырақ ұрлағандар анықталды

Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады.