Сурет: gov.kz
Астанада бүгін, 27 мамырдан бастап 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Бұл – қаладағы барлық мектепке қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, құжаттарды онлайн және жеке өзі тапсыруға болады. Ата-аналарға ең алдымен мектептің ресми сайтын немесе «Электрондық үкімет» порталын пайдалану ұсынылады.
«Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Сондықтан ата-аналарға кезекті күтпестен, құжаттарды уақытында тапсыруды ескертеміз», – деді қалалық білім басқармасының өкілі.
Құжат қабылдау 1 тамызға дейін жалғасады. Әр мектепке бекітілген сынып санына сәйкес орындар бөлінген. Егер мектепте орын жетпесе, баланы жақын маңдағы басқа білім ошағына жібереді.

