Сурет: Aikyn.kz
27 мамырда Батыс Қазақстан облысында ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер жаңбыр, найзағай және бұршақ жауатынын ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Күндіз жел күшейіп, дауыл соғуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Тұрғындарға далаға шықпауға, үй ішінде болуға кеңес беріледі. Найзағай кезінде ағаштар мен биік құрылыстардан алыс жүру қауіпсіз.

