Сурет: Көлік министрлігі
Жазда демалуды жоспарлап жүрсіз бе? Енді әуе билеттерінің бағасы 16-20 мың теңгеден басталады. Көлік министрлігі жазғы маусымда пойыздар мен әуе рейстерінің санын көбейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, ішкі рейстердегі арзан билеттердің арқасында қазақстандықтар еліміздің кез келген нүктесіне жетіп, демалысын тиімді өткізе алады. Мысалы, Алматыға, Нұр-Сұлтанға немесе Ақтауға ұшу бағасы 16 мың теңгеден басталады.
«Біз халықтың қалтасына қарай демалыс ұйымдастыруына жағдай жасап жатырмыз. Жазғы кестеге сәйкес, қосымша рейстер мен пойыздар қатынайды», — деді Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Егер сіз әлі жазғы демалысыңызды жоспарламасаңыз, енді билеттерді алдын ала сатып алып, үнемдеуге мүмкіндігіңіз бар. Ең бастысы — арзан билеттерді уақытында ұстап қалу.

