Сурет: Egemen Qazaqstan
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар парламентаралық диалогты дамытуға ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың болашағы сөз болды.
«Екіжақты қатынастардың жоғары деңгейі біздің ынтымақтастығымыздың берік негізін көрсетеді», – деді Президент Тоқаев.
Чжао Лэцзи Қазақстанның Қытаймен стратегиялық серіктестігін жоғары бағалап, екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға келісті.

