Сурет: Egemen Qazaqstan
Маусым айынан бастап Астанада электр энергиясының тарифі 12,5 пайызға өсуі мүмкін. Бұл туралы «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы Руслан Абжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Компания басшысының айтуынша, тарифтің өсуіне инфляциялық үдерістер мен электр желілерін жаңарту қажеттілігі себеп болып отыр. Қазіргі уақытта тарифті бекіту мәселесі тиісті органдармен келісілуде.
«Электр энергиясының құнын көтеруге мәжбүрміз, өйткені жабдықтардың тозуы мен жаңа қуат көздерін салу шығындары өсті. Біз бұл шешімді халыққа түсіндіру үшін арнайы ақпараттық жұмыс жүргіземіз», – деді Руслан Абжанов.
Жаңа тариф маусым айынан бастап күшіне енеді. Нақты қанша теңге болатыны әлі белгісіз. Астана тұрғындары электр қуатына кететін шығынның артуына алаңдаулы.

