Жаңа Қорғаныс министрі Тоқаевқа есеп берді: Президент әскерге қатысты бірнеше тапсырма жүктеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдап, Қарулы Күштердің қазіргі жай-күйі туралы есебін тыңдады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қорғаныс ведомствосына бірқатар нақты міндет жүктеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ақорданың ресми хабарлауынша, Дәурен Қосанов Жоғарғы Бас қолбасшыға армияның жауынгерлік әзірлігі мен Қарулы Күштерді дамытудың басым бағыттары туралы баяндады.

Сонымен қатар ол әскерге цифрлық технологияларды енгізу, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және қорғаныс инфрақұрылымын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министр Президенттің Қарулы Күштердегі тәртіпті нығайту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы да есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министрлігіне армияның жауынгерлік әзірлігін одан әрі арттыру және әскери саладағы құқықтық тәртіпті күшейтуді тапсырды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Астананың даму жоспарын тыңдады: не өзгереді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдап, қаланың даму жоспарын талқылады.

Путин сапарына орай Астанада 25-29 мамырда көлік қозғалысы шектеледі

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапарына байланысты Астананың бірқатар көшелерінде 25-29 мамыр аралығында көлік…

Құрбан айт қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады: қауіпсіздік шараларын сақтаңыз

Құрбан айт қарсаңында СЭБК халықты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Мамандар мал сою, ет сақтау және…