Сурет: Анадолы
Ауғанстанда талибтер билігі қыздардың ерте некеге тұруын заңдастырды. Жаңа құжат бойынша, енді әйелдер күйеуінің рұқсатынсыз ажыраса алмайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың мәліметінше, Ауғанстандағы қыздардың 70%-ы ерте немесе мәжбүрлі түрде тұрмысқа берілуі мүмкін. Бұл көрсеткіш әлемдегі ең жоғарылардың бірі.
«Жаңа заң әйелдердің құқығын шектеп, оларды күйеуіне тәуелді етеді. Мұндай шешім халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр», — дейді құқық қорғаушылар.
Талибтердің бұл қадамы БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың сынына ұшырады. Ерте неке қыздардың білім алуына және денсаулығына кері әсер ететіні айтылуда.

