Categories Қаржы

SpaceX биржаға шығады: Илон Маск IPO-ға құжат тапсырды

Илон Масктың SpaceX компаниясы алғашқы рет биржаға шығуға ниет білдірді. Компания 12 маусымда IPO өткізу үшін қажетті құжаттарды тапсырған.

Бұл – SpaceX тарихындағы алғашқы қор нарығына шығу әрекеті. Масктың айтуынша, бұл қадам компанияға қосымша қаржы тартуға және ғарыштық жобаларды жеделдетуге мүмкіндік береді.

«Біз ғарышты игеруде жаңа дәуірді бастаймыз. IPO арқылы жиналған қаражат Марсқа алғашқы миссияны жүзеге асыруға жұмсалады», – деді Илон Маск.

Сарапшылар SpaceX-тің нарықтық құнын 150 миллиард долларға бағалап отыр. IPO-ға әлемнің ірі инвестициялық компаниялары қатысуды жоспарлап отыр.

, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.