Париж апелляциялық соты 2009 жылы 228 адамның өмірін қиған ұшақ апатына Air France мен Airbus компанияларын кінәлі деп таныды. Сот шешімі бойынша, екі компания да апатқа «толық жауапты», деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл іс 2009 жылдың 1 маусымында Рио-де-Жанейродан Парижге ұшып бара жатқан Air France 447 рейсінің Атлант мұхиты үстінде апатқа ұшырауына қатысты. Салдарынан 228 адам қаза тапты. Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін адам өліміне соқтырған немқұрайлылық үшін кінәлі деп тапты.
«Сот авиакомпания мен ұшақ өндірушісін апатқа «кінәлі және толық жауапты» деп шешті. Адам өліміне соқтырған немқұрайлылығы үшін аталған компаниялардың әрқайсысы 225 000 еуро айыппұл төлеуі тиіс», — делінген сот шешімінде.
Бұл шешім — 2019 жылғы соттың ақтау үкімінен кейінгі апелляциялық істің нәтижесі. Қазір Air France пен Airbus компаниялары сот шешіміне шағымдану құқығын қарастырып жатыр.

