Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қонақты Ақордада күтіп алған Қазақстан Президенті екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Ердоғанның бұл сапары – стратегиялық серіктестіктің жаңа белесі.
«Түркия – біздің маңызды одақтасымыз. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға ниеттіміз», – деді Тоқаев.
Тараптар инвестициялық жобалар мен энергетика саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

