Наурызда доллар 496 теңге тұрса, мамырда баға 462-465 теңгеге дейін төмендеді. Теңгенің нығаюына бірнеше фактор әсер етті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мамандардың айтуынша, мұнай бағасының өсуі мен импорттың азаюы теңгені қолдады. Сондай-ақ, Ұлттық банктің ақша-несие саясаты да маңызды рөл атқарды.

