2026 жылдың жазғы маусымында Қазақстан темір жолы Алакөл бағытына қосымша пойыздар қосады. Бұл шара демалыс маусымында 4,2 миллион жолаушыны тасымалдау жоспары аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жазғы кезеңде еліміздің шығыс өңіріндегі танымал курорттық аймаққа сұраныс артады. ҚТЖ мамандары жолаушылар ағынын ескере отырып, қосымша рейстердің кестесін жасап жатыр.
«Біз жолаушылардың ыңғайлы сапар шегуіне жағдай жасау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Қосымша пойыздар билет тапшылығын азайтады», – деді ҚТЖ өкілі.
Қазіргі уақытта билеттерді алдын ала сату басталды. Жолаушыларға сапарды жоспарлау үшін билеттерді ертерек сатып алу ұсынылады.

