1 қыркүйекке дейін мектепте жасанды интеллект стандарттары бекітіледі

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Енді 1 қыркүйекке дейін ЖИ қолданудың нақты стандарттары бекітілуі керек, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарлықта білім беру процесінде ЖИ технологияларын қолданудың бірыңғай тәртібі белгіленбек. Бұл стандарттар оқушылар мен мұғалімдерге арналған нақты ережелерді қамтиды.

Құжатта цифрлық сауаттылықты арттыру және ЖИ-ді оқыту әдістемесіне біріктіру міндеті де көрсетілген. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар отандық білім жүйесін заманауи талаптарға сай жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жазбалар

Астанада полиция формасымен видео түсірген ер адам ұсталды

Астанада полиция формасымен видео түсірген 30 жастағы ер адам ұсталды. Оған әкімшілік хаттама толтырылып, іс…

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзеге ілтипат білдіріп, бұл сапардың қазақ-грузин серіктестігін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Қоғам қайраткерлеріне жаңа Конституцияның арнайы басылымы табысталды

Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясының арнайы басылымын табыстау рәсімі өтті. Басылым даналары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың…