Categories Қаржы

Электр қуаты қымбаттай ма: Министрлік тарифтің өсу себебін айтты

Энергетика министрлігі елімізде электр энергиясы тарифінің өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Ведомство мұны энергетикалық компаниялардың қарыздары, жөндеу жұмыстарының қымбаттауы және жалақының өсуімен байланыстырады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қазіргі тарифтер электр станцияларының тозуын жаңартуға және тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан тарифті қайта қарау мәселесі қарастырылып жатыр.

«Электр энергиясының тарифін көтеру – күрделі шешім. Бірақ саланың тұрақты жұмыс істеуі үшін инвестиция қажет. Біз тұтынушыларға да, компанияларға да тиімді теңгерімді табуға тырысамыз», – деді Энергетика министрлігінің ресми өкілі.

Мамандардың пікірінше, егер тариф өссе, бұл ең алдымен өнеркәсіп орындары мен халықтың әмиянына әсер етеді. Дегенмен, нақты қанша пайызға қымбаттайтыны әзірге белгісіз.

Энергетика министрлігі тарифтің өсуі еңбек ақы мен инфляция деңгейіне сәйкес келетінін уәде етеді. Қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жаңа зауыттарға мемлекеттік қолдау тәртібі өзгереді

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған өндіріс болған жағдайда жаңа зауыттарға мемлекеттік қолдау шектеледі.

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна бензин алуды жоспарлап отыр

Ресей АИ-92 маркалы бензинді Қазақстаннан импорттау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Шамамен 50 мың тонна жанармай жеткізу…

22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

15-19 маусым аралығында өткен «Дәрмек» іс-шарасында 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 31 қылмыстық…