Categories Әлем

Иранмен келісім жексенбіде бекітіледі — Трамп

Сурет: Report.az

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы соғыс қимылдарын тоқтату жөніндегі келісімге қол қою жексенбі күні жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың жазуынша, құжатқа қол қойылғаннан кейін Ормуз бұғазы барлық тарап үшін ашылады.

— Келісімге қол қою ертеңге жоспарланған. Қол қойылған сәттен кейін Ормуз бұғазы барлығына ашылады, — деп ол Truth Social желісінде жазды.

Ол сондай-ақ келісімнен кейін Иранның жоғары байытылған уранын жою жоспарланып отырғанын айтты. Трамптың сөзінше, жағдай тұрақталған кезде тараптар Иран аумағында немесе АҚШ-та «ядролық материалды жою» операциясын жүргізуі мүмкін. Ол АҚШ пен Иран және жалпы Таяу Шығыс елдерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнауына үміт білдірді және Иранға қарсы күш қолдану қажет болмайды деп сенетінін жеткізді.

Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ-пен әскери қақтығысты тоқтату жөніндегі келісім аяқталуға жақын екенін және Ормуз бұғазының ашылуын қамтитынын айтқан. Сондай-ақ ол Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздер кейінірек басталатынын хабарлаған.

Ұқсас жазбалар

Шри-Ланкада бұрынғы президенттің ұлы қамауға алынды

Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың екінші ұлы Йошита Раджапакса қамауға алынды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Сурет: Instagram ICEGOV АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция кезінде…

Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді

Иран Қазақстанға Парсы шығанағындағы стратегиялық маңызы бар порт аумағынан жер телімін беруге келісті. Өз кезегінде…