Categories Жайық news

Бурабайда ит атам деп, әріптесін атып тастады

Ақмола облысының Бурабай ауданында кәсіпорын қызметкері қаңғыбас иттерді атпақ болып, байқаусызда әріптесін жаралады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға кәсіпорын аумағындағы қаңғыбас жануарларға «аңшылық» жасау кезінде болған. Ер адам итті көздеп атқан оғы мүлт кетіп, жанында тұрған әріптесінің аяғына тиген.

Зардап шеккен азамат шұғыл түрде Бурабай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр, өміріне төнген қауіп жоқ.

Бұл дерекке қатысты полиция бірден екі бап бойынша, яғни «Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiру» және «Жануарларға қатыгездік көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқ атылған қару тәркіленіп, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады

Астанада Кенесары мен Сембинов көшелерінің қиылысы екі күнге жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты 6-7 маусым аралығында…

Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды

Журналист Қамбар Ахметтің мақаласынан кейін Әлихан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды. Аудан әкімі…

Жеткіліктілік шектерін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер…