Categories Шартарап

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Режиссер Әліби Мұқышевтің «No Good In Sight: A Story» фильмі 28-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі. Туынды алғаш рет 16 маусымда Шанхайда көрерменге жол тартып, Қазақстанды Азиядағы беделді кинофестивальдердің бірінде таныстырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«No Good In Sight: A Story» («Еш жақсылығы жоқ оқиға») – Әліби Мұқышевтің тұңғыш толықметражды фильмі. Оның түсірілімі 2023 жылы басталған.

Фильмнің сценарий авторы әрі режиссері – К.Бәйсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Әліби Мұқышев. Түсірілімге аталған оқу орнының 70-ке жуық студенті де қатысты.

Туынды әке мен бала арасындағы қарым-қатынас идеясына негізделген. Кейіпкерлер тағдыры арқылы отбасының адам өміріндегі маңызы, өткеннің ізі мен өмірлік тәжірибенің тұлға болмысына әсері көркем бейнеленеді. Фильм жалғыздық, сағыныш, жауапкершілік пен ар тақырыптарын қозғай отырып, адам жанының терең қатпарларына үңіледі. Сондай-ақ көрерменді отбасының қадірі, тағдыр таңдауы және жан тыныштығын табудың маңызы туралы ойландырады.

1993 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Шанхай халықаралық кинофестивалі – Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастықтары федерациясы (FIAPF) «А» санатына аккредиттеген Қытайдағы алғашқы кинофестиваль.

Ұқсас жазбалар

Қазақ аспаздары Қытайда өткен халықаралық байқауда күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық аспаздар Қытайдың Циндао қаласында өткен «Ас үй патшасы» халықаралық гастрономиялық байқауында күміс жүлдеге ие…

Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

30 маусым күні Бас прокуратурада маңызды кездесу өтті. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов жасанды…

Есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды

Қазақстанда есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды. Жоба 21 лексикалық тақырыпты қамтиды.