Тоқаев қаңғыбас иттердің шабуылына қатысты: «Балалар мен ересектер жиі құрбан болып жатыр»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сөйлеген сөзінде қаңғыбас иттер мәселесін көтерді. Ол елде иттердің шабуылынан зардап шеккендердің саны өсіп келе жатқанын айтты.

«Балалар мен ересектер жиі құрбан болып жатыр. Бұл – жедел шешуді қажет ететін өткір мәселе», – деді Президент.

Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға қаңғыбас жануарлардың санын азайту үшін нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Ол бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі керектігін ескертті.

Айта кетейік, бұған дейін де қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасауы жиілеген. Әсіресе балалар мен әйелдер қауіп-қатерге көбірек ұшырап жүр. Президенттің бұл мәселені көтеруі – халықтың алаңдаушылығын ескергендігінің белгісі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұқсас жазбалар

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.

Мемлекет басшысы Швеция Королін Ұлттық күнмен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады. Президент жолдауында Швецияның тұрақты даму,…