Тоқаев Ресеймен келіссөздердің қалай өткенін айтып берді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан мен Ресей президенттері бірлескен брифинг өткізіп, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін атап өтті. Ол бұл — бірлескен жобалардың нәтижесі екенін жеткізді.

«Біздің әріптестігіміз сындарлы да өзара тиімді. Келіссөздер барысында бірқатар маңызды келісімге қол жеткіздік», — деді Мемлекет басшысы.

Президенттер экономика, энергетика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты. Тараптар аймақтық қауіпсіздік мәселелерін де талқылады.

Ұқсас жазбалар

Сахара шөлінде жүк көлігі бұзылып, 49 адам қаза тапты

Сахара шөлінде, Нигердің солтүстігінде кем дегенде 49 адам шөлге шыдамай қайтыс болды. Олар мінген жүк…

Астанада екінші әуежайдың орны туралы ақпарат жалған болып шықты

Астана әкімдігі екінші әуежайдың орны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Аталған аумақ қала шекарасына кірмейді,…

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы ашылды

Астанада LRT-ның «Жібек жолы» станциясы жолаушылар үшін есігін ашты.