Categories Жайық news

Бір ауылдың әжелері мен келіндері референдумға қатар келді: «Бұл жай ғана дауыс беру емес»

Батыс Қазақстан облысының Янайкин ауылындағы №177 референдум учаскесінде ерекше оқиға болды: ауылдың белсенді ақ жаулықты әжелері мен тату келіндері бір уақытта келіп, өз таңдауын жасады. Бұл – жай ғана азаматтық борышты өтеу емес, ұрпақтар сабақтастығы мен ауыл бірлігінің жарқын үлгісі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ауылдың қоғамдық өміріне үнемі белсене араласатын аналар бұл жолы да ынтымақтың үлгісін көрсетті. Олардың сайлау учаскесіне топ болып келуі – елдің тыныштығы мен болашақ ұрпақтың қамына деген аналық жауапкершілікті білдіреді.

«Аналардың таңдауы – ұрпақтың болашағы. Елдің тілеуін тілеп отыратын аналардың бұл қадамы жас буынға үлкен өнеге», – деді кейуаналардың бірі.

«Береке – бірлікте» демекші, аналардың ел тағдырына бей-жай қарамай, бірлікпен келіп дауыс беруі ауыл жастарына да үлгі болды. Бұл оқиға ұрпақ сабақтастығы мен ел болашағына деген ортақ жауапкершіліктің маңызын айшықтай түсті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Бірлік күніне орай үндеу жасады: «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Бірлік күнімен құттықтап, «Әралуандықтағы бірлік» формуласы мемлекеттік саясаттың негізі екенін атап…

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады

Түркістан облысында «Қазкрахмал» зауытының құрылысы жалғасуда. Құны 35 млрд теңгені құрайтын бұл кәсіпорын еліміздегі алғашқы…

БҚО-да Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толуына орай «Ұмытылмас ерлік» еске алу шарасы өтті  

1986 жылғы 26 сәуірде орын алған Чернобыль апаты әлем жұртшылығы үшін ауыр сабақ болды. Қауіпті…