Categories Қаржы

БҚО-да интернет-алаяқтық өршіп тұр: 189 факті тіркелді

Батыс Қазақстан облысында жылдың басынан бері 189 интернет-алаяқтық дерегі тіркеліп, тұрғындарға 278,9 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. БҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Артур Мұсағалиев БҚО ӨКҚ ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, ең көп таралған түрі – өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, шотты «қорғау» сылтауымен ақша жымқыру.

— Осы тәсілмен 122 адам алданып қалған. Сонымен қатар жалған қызмет көрсету, инвестицияға салым, онлайн тауар сату, ақша айналдыру сынды тәсілдер де тіркелген. Алаяқтар жасанды интеллект пен «дипфейк» технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнесін қолдануда. Ал кейбір жағдайларда жәбірленушілердің мүлкін сатқызып, ірі көлемде шығын келтірген,- деді спикер.

Полиция тұрғындарға бөгде нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеуді, жеке деректерді бермеуді және күмән туындаған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына хабарласуды ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда тексеру жабдықтарын шығаратын зауыт ашылады

Қазақстанда тексеру-өткізу жабдықтарын шығаратын зауыт ашылады. Вице-министр Олжас Сапарбеков Nuctech Kazakhstan басшылығымен кездесіп, жобаны талқылады.

Қазақстандықтардың табысы азайып, тек азық-түлікке жұмсайтын болды

Қазақстандықтардың табысы төмендеп, халық ақшасын негізінен азық-түлікке жұмсай бастады.

Бір аптада жусан аллергиясынан айықтыратын дәрі жасалды

Қазақстандық ғалымдар жусан тозаңына аллергияны бір аптада емдейтін препарат әзірледі. Бұл маусымдық аллергиядан зардап шегетіндерге…