Categories Қоғам

Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды

Су ресурстары және ирригация министрінің қатысуымен Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды .

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміздің барлық өңірінде бұлақтарды тазалауға бағытталған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясын бастады.

Ауа райына байланысты алғашқы кезеңде акция еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі 28 бұлақта өткізілді. Атап айтқанда, Шымкент қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстары. Акцияға бір мезгілде шамамен 3,8 мың адам қатысты. Олар бұлақтардың көзін ашып, қалпына келтірді. Сонымен қатар айналасындағы аумақтар тазартылып, абаттандырылды, қоқыс жиналып, көшеттер отырғызылды.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданындағы Жалғызтал бұлағын тазалау жұмыстарына қатысты. Бұлақ Айша бибі ауылынан 16 шақырым жерде орнала

Ұқсас жазбалар

100 мың түлек бір күнде елімізді көгалдандырды: «Таза Қазақстан» акциясы қалай өтті?

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мыңнан астам түлек бір күнде ағаш егіп, елімізді көгалдандыруға атсалысты.

Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде алды

Қазақстанның су добынан ерлер құрамасы VI Азия жағажай ойындарында қола жүлдеге ие болды. Шешуші матчта…

19 елдің ішінен дара шықты: Қазақстандық оқушылар Литвадағы білім бәйгесінде топ жарды

Қазақстандық оқушылар Литвада өткен халықаралық білім бәйгесінде 19 елдің ішінен дара шығып, топ жарды.