Categories Әлем

Кене шағып, адам өліп жатыр: маусым ерте басталды

Биыл көктем ерте келді. Күн жылып, көк шыға салысымен кенелер де қауіп төндіре бастады. Эпидемиологиялық маусым әдеттегіден бір ай бұрын ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың айтуынша, кене шағудан болатын аурулардың алдын алу үшін вакцина салдыру қажет. Әсіресе орманды, далалы аймақтарда тұратындар сақ болуы керек.

«Кенелер конго-қырым геморрагиялық безгегі, энцефалит, Лайма ауруы сияқты қауіпті індеттерді таратады. Өткен жылы елімізде кене шағудан 5 адам қайтыс болды», — дейді эпидемиологтар.

Дәрігерлер кене шаққан жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Сондай-ақ табиғат аясына шыққанда қорғаныш киім киіп, репеллент қолдануды ұмытпаңыз.

Ұқсас жазбалар

Куба вице-президенті Астанаға келді: экономикалық форумға қатысады

Куба вице-президенті Астанаға келіп, Еуразиялық экономикалық форумға қатысады. Делегация басшысы ретінде ол екіжақты ынтымақтастықты талқылайды.

Путинді Орал әуежайында домбырамен қарсы алды: кімдер күтіп тұрды?

Ресей Президенті Владимир Путинді Орал әуежайында домбырашылар ансамблі мен халықаралық байқаулардың жеңімпазы Радмир Хайбуллин қарсы…

Куба вице-президенті Астанаға келді: министр қарсы алды

Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса Астанаға келді. Оны әуежайда сауда министрі Арман Шаққалиев қарсы алды.