Categories Жайық news

«Бұл – мен үшін ғажайып сезім»: Мәнерлеп сырғанаушы Шайдоров қазақстандықтарға алғыс айтты

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жарыстан кейін жанкүйерлеріне және командасына алғысын білдіріп, әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Спортшы өзін қолдаған барша отандастарына ерекше ризашылығын жеткізді. Ол жанкүйерлердің қолдауы өзіне зор күш беретінін атап өтті.

«Барша қазақстандықтарға, трибунада және экран алдында отырып тамашалаған, әлеуметтік желіде жазба жариялаған жанкүйерлердің бәріне ерекше алғыс айтамын. Бұл – мен үшін ғажайып сезім», — деді спортшы.

Сонымен қатар Михаил Шайдоров өзінің командасына да ризашылығын білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Маңғыстау мен Атырау облыстары автогазбен толық қамтылған – Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарында автогаз жеткізу тұрақты және қажеттіліктен жоғары екенін мәлімдеді.

28 маусымға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанның оңтүстігінде аптап ыстық сақталады

28 маусымда Қазақстанның солтүстік және батыс өңірлерінде найзағайлы жаңбыр күтіледі, оңтүстікте аптап ыстық сақталады.

Қазақстанның туристік саласы тұрақты өсімді көрсетуде

2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанға 3 млн шетелдік саяхатшы келді, ал шетелге шыққан…