Қазақстанда жұмыс орнында киберсауаттылық тестілеу енгізіледі
Цифрлық даму министрлігі Еңбек кодексіне түзетулер әзірлеп жатыр. Өзгерістерге сәйкес, барлық мемлекеттік және жеке ұйымдар жаңа қызметкерлерге киберсауаттылық бойынша оқыту жүргізуге міндеттеледі.
