Categories Спорт

Дзюдодан Еуропа кубогында Ғалымжан Қырықбай чемпион атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы

Чехия астанасы Прагада өткен дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогында Қазақстан қоржынына алтын және күміс медаль түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі жүлде де 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде иеленді. Финалда қазақстандық екі балуан өзара күш сынасты. Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетіп, алтын медаль алса, Жантілек Нұртілекұлы күміс жүлдеге ие болды.

Бұған дейін 60 келі салмақта Шерзод Давлатов финалда Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбені жеңіп, алтыннан алқа тақты. Ал 66 келіде Нұрәділ Әлжан қола жүлде еншіледі.

Додаға 38 елден 412 татами шеберлері қатысып жатыр. Жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.

Ұқсас жазбалар

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.

Александр Шевченко Уимблдондағы алғашқы кездесуі туралы пікір білдірді

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Уимблдон турнирінің алғашқы айналымында әлемнің төртінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссиммен кездеседі. Ол…

Футболдан ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалға шыққан алғашқы команда атанды

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды.