Оралда түзету мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізбек болған

Тексеру барысында кір жуғыш ұнтақ салынған қаптаманың ішінен 11 телефон, 37 құлаққап, смарт-сағат, адаптер, 3 флеш-карта, 13 USB шнуры табылды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері мен БҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 28 түзету мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел іс-қимылы нәтижесінде күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды өткізу әрекетінің жолы кесілді.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жоспарлы тексеріс кезінде рентген құрылғысының көмегімен әскери қызметшілер тыйым салынған заттардың жасырылғанын анықтады.

Аталған заң бұзушылықты 5517-әскери бөлімінің бақылаушы маманы, сержант Жаннат Халилова байқады.

— Тексеру барысында кір жуғыш ұнтақ салынған қаптаманың ішінен 11 ұялы телефон, 7 жұп сымсыз құлаққап, 30 сымды құлаққап, 1 смарт-сағат, флеш-картаға арналған 1 адаптер, 3 флеш-карта, 13 USB шнуры, 4 қуаттағыш құрылғы табылды. Оған қоса қызыл түсті ерекше иісі бар сұйықтық құйылған бір құты бойынша сараптама тағайындалды. Қазіргі кезде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 13 жастағы қызды соққыға жыққан жасөспірімдер ұсталғанын жазған едік.

 

Ұқсас жазбалар

Астанада жұмыс кезінде теміржолшы қаза тауып, артында жеті баласы қалды

Астанада 43 жастағы электромеханик жоғары кернеулі токқа түсіп, қаза тапты. Марқұмның жұбайы мен жеті баласы…

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды

Ингушетияда 8 жастағы Хизир Дербичевті жерлеу рәсіміне мыңдаған адам жиналды. Ол Сунжа өзенінен досын құтқармақ…

Әлеуметтік желілерде арандатушылық пен алауыздықты қоздыруға мүлдем жол берілмейді – Бас прокуратура

Құрметті қазақстандықтар! Әлеуметтік желілерде қоғамда алауыздықты қоздыруға бағытталған арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен пікірлердің таралу фактілері…