Categories Жайық news

Орал жылу-электр орталығының 65 жылдық мерейтойы аталып өтті

Энергетиктер күні мерекесі қарсаңында өткен мерейтойлық жиынға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев, сала мамандары мен ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді.

1960 жылдың 22 желтоқсанында бірінші турбогенератор жүктеме алып, станция тұрғындарға, зауыттар мен фабрикаларға алғашқы электр және жылу энергиясын жеткізді. Содан бері 65 жыл бойы Орал жылу-электр орталығы қаламыздың ұйым-кәсіпорындарына қуат беріп, оралдықтардың үйлеріне жылу мен жарық сыйлап келеді.

Жалпы энергетика саласын дамыту мақсатында соңғы жылдары кәсіпорында жабдықтар мен техниканы жаңарту, өндірісті жаңғырту мәселесіне ерекше мән берілуде.

Атап айтқанда, 2023 жылы жылу-электр орталығында жаңа градирня іске қосылып, су торабында жаңа қосалқы станция пайдалануға берілді, сондай-ақ жаңа қазандық салынды.

Ал ағымдағы жылдың шілде айында 10 жыл бойы жұмыс істемей тұрған №1 турбоагрегат іске қосылып, генерациялау қуаты 12 МВт-қа артты. Энергия үнемдеу технологияларын енгізу, жабдықтар мен станциялардың жұмыс режимдерін оңтайландыру нәтижесінде электр және жылу энергиясын өндіру көлемі ұлғайып, табиғи газ шығыны төмендеді.

Жылу желілерінің тозуын азайту, апаттар санын қысқарту және тұтынушыларды сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында 2024–2025 жылдары 11,2 млрд теңгеге 11 км ТМ-2 және ТМ-5 жылу магистралдары қайта жаңғыртылды.

Биылғы жылы кәсіпорын «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2 маңызды жобаны іске асырды. Атап айтқанда, Круглоозерное және Зачаганск кенттерінде ескі қазандықтардың орнына жаңа блокты-модульдік қазандықтар салынып, пайдалануға берілді.

Алдағы жылдары да ауқымды жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. 2026 ж ТМ6, ТМ7 қайта жаңарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, алдағы 5 жылға арналған энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту картасына сәйкес ТМ-3 жылу магистралі мен Северо-Восток, Строитель шағынаудандарындағы жылу тарату желілерін қайта жаңарту көзделіп отыр.

Сондай-ақ, Жапондық Hitachi турбинасын жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталу сатысында. Бұл жұмыстар станцияның тұрақты жұмысын қосымша қамтамасыз ететін болады

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…