Categories Қаржы

Су саласына кадр даярлайтын колледждер саны артады

Сурет: Egemen Qazaqstan

2026-2027 оқу жылынан бастап су шаруашылығы саласы үшін мамандар даярлайтын колледждердің тізімі тағы екі оқу орнымен толығады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриялық-техникалық колледжі «Техник-гидролог» және «Гидрогеология және инженерлік геология» мамандықтары бойынша кадр даярлауды бастайды. Ал Қарағанды облысындағы Теміртау жоғары политехникалық колледжінде «Гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша мамандар даярланады.

Қазіргі уақытта су шаруашылығы саласы үшін кадрлар даярлауды 757 студент оқитын 8 арнаулы орта оқу орны жүзеге асырады. 2025-2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аталған колледждерді 208 түлек тәмамдады.

Осы колледждерде білім алып жатқан болашақ су мамандары өндірістік тәжірибеден «Қазсушар» РМК филиалдарында өтеді. Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын барлық оқу орнымен тиісті меморандумдарға қол қойған. Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өтетін студенттер саны былтырмен салыстырғанда екі есеге жуық артты. Колледждерде студенттер «Гидротехникалық құрылыс», «Гидротехникалық мелиорация», «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану» және «Гидрогеология» мамандықтары бойынша білім алып жатыр, — деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Марат Иманалиев.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.