Categories Жайық news

Түркияда қазақстандықты басынан атып өлтірді: қылмыс сәті видеоға түсіп қалған

Түркияның Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматы Ариф Исмаиловты атып өлтірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға Фатих ауданында болған. Курьер болып жұмыс істеген отандасымызға белгісіз біреу оқ атып, оқиға орнынан ізін суытқан. Ариф Исмаилов алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Адам өлтіру сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Кейінірек Түркияның құқық қорғау органдары екі күдіктіні ұстады. Олардың Грузия азаматтары екені және шекарадан қашып өтпек болған кезде қолға түскені анықталды.

«Қазақстан Республикасының Ыстамбұлдағы Бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Бұл мәселе бақылауда», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…