Categories Шартарап

Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 32 шығарма ұсынылды

Сурет: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен 2026 жылғы Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында комиссия мүшелері әдебиет және өнер салалары бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған 32 жұмысты қарады. Комиссия құрамына еліміздің зиялы қауым өкілдері енген. Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева биылғы сыйлыққа ұсынылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша комиссия конкурстық іріктеудің келесі кезеңіне өткен үміткерлерді анықтады.

Ұқсас жазбалар

Есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды

Қазақстанда есту қабілеті бұзылғандарға арналған «е-Ымдау» бейне сөздігі іске қосылды. Жоба 21 лексикалық тақырыпты қамтиды.

Пластикалық хирургия: қайғылы оқиғалардан кейін қандай өзгеріс болады

Соңғы бес жылда Қазақстанда пластикалық ота мен косметологиялық процедуралар кезінде төрт адам қайтыс болды. Бұл…

Қазақстанда алғашқы Монтессори ғылыми-зерттеу зертханасы ашылады

Абай университеті мен Перуджадағы Халықаралық Мария Монтессори орталығы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тараптар Қазақстанда…