Categories Ақорда

Қазақстанда төтенше жағдайлар мен антитеррорлық операцияларға қатысатын әскерилерге үш есе жалақы беріледі

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанда төтенше жағдайларды жоюға және антитеррорлық операцияларға қатысатын әскери қызметшілерге үш еселенген ақшалай төлем беріледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сенат отырысында депутаттар «Әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіру, қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Құжат аясында «Қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» және «Бітімгершілік қызмет туралы» заңдарға бірқатар өзгеріс енгізу көзделген.

Заң жобасында шетелдегі әскери өкілдік аппараттарының құқықтық мәртебесін бекіту мен оларды қаржыландыру тәртібі айқындалған. Сондай-ақ әскери қызметшілердің лауазымдарын дипломатиялық қызмет өкілдерінің лауазымдарымен теңестіру ұсынылған.

Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің әскери қызметшілері антитеррорлық операциялар және төтенше жағдай режимі кезінде үш еселенген ақшалай төлем алады.

Ұқсас жазбалар

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті

Астанада мемлекеттік орган басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект семинары өтті.

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан бұқаралық ақпарат құралдарының бір топ қызметкеріне баспана…

Алматыда БАҚ қызметкерлері Мемлекет басшысы атынан марапатталды

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында медиа саласы өкілдерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Марапаттар Президент атынан…