Ерлан Қарин: балалар қауіпсіздігі үшін цифрлық шешімдер енгізілуде

Сурет: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік салаға цифрлық құралдарды енгізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин мен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева «111» байланыс орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық отбасы, әйел және бала құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысады.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау кезінде Қарин салаға жаңа цифрлық құралдарды енгізу қажеттігін айтты. Ол әлеуметтік салада цифрлық технологияларға негізделген қарапайым смарт-шешімдер қолданыла бастағанын атап өтті.

– Балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында мектептерге дәстүрлі телефон қоңырауларына заманауи балама ретінде QR-кодтарды орналастыра бастадық. Жаңа тәсіл мыңдаған балаға білікті психологиялық көмектің уақтылы көрсетілуіне, ал жекелеген жағдайларда қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік берді, – деді Ерлан Қарин.

Сонымен қатар, азаматтардың E-otinish және E-gov платформалары арқылы жолдаған өтініштерін талдау белсенді қолданылады. Халықтың сұранысын саралау негізінде мемлекеттік органдар жүйелі шешімдер қабылдап жатыр.

– Цифрлық технологияларға негізделген жаңа тәсілдердің барлығы өз нәтижесін беріп, мемлекет қабылдайтын шешімдердің тиімділігі мен жеделдігін арттыруда. Сондықтан қоғамдық коммуникациялар саласында цифрлық құралдарды барынша белсенді енгізу қажет, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Динара Закиева балаларды қорғау саласындағы маңызды оқиға – Бала құқығын қорғау басқармаларының құрылуы екенін айтқан болатын.

Ұқсас жазбалар

Президент Cameco корпорациясының басшысын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим…

Мемлекет басшысы AD Ports Group басшысын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев AD Ports Group басшысы Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесіп, Каспий аймағының көлік-транзит әлеуетін кеңейту мәселелерін…

Мемлекет басшысы Anadolu Group холдингінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Anadolu Group холдингінің төрағасы Камиль Сулейман Языджиді қабылдады. Кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты…