Categories Жайық news

4 миллиард теңге шығын – нәтиже жоқ: Спорт саласындағы жүйелік кемшіліктер әшкере болды

2022–2024 жылдар аралығында 4 миллиард теңге көлемінде бюджет қаржысы жұмсалғанымен, 11 спорт түрінен бірде-бір медаль алынбаған. Бұл туралы Алихан Смайылов төрағалық ететін Жоғарғы аудиторлық палата ресми мәлімдеді.

Тексеру нәтижелері Қазақстандағы спорттық резерв даярлау жүйесінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Аудиторлардың айтуынша, салада бірқатар маңызды мәселелер бар:

  • ДЮСШ-қа (балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері) қабылдау үдерісі ашық емес;

  • Спортшылар мен жаттықтырушылар бойынша бірыңғай цифрлық есеп жүргізілмейді;

  • Медициналық бақылау жүйесі ескірген әрі барлық спортшыларды қамтымайды.

Жоғарғы аудиторлық палата бұл олқылықтар еліміздегі бұқаралық және кәсіби спорттың дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отырғанын атап өтті.

Алихан Смайыловтың пікірінше, спорт саласына бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалайтын қатаң жүйе мен нақты индикаторлар қажет.

Ұқсас жазбалар

Оралда картоп бағасы күрт төмендеді: бірден 85 теңгеге арзандады

Орал базарларында картоп бағасы 85 теңгеге түсіп, халық қуанышында шек жоқ. Бұл – үкімет басшысының…

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: 1000 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды. Игілікті шараға…

БҚО-да ауыл әкімдерінің алғашқы форумы: негізгі мәселелер мен шешімдер

Батыс Қазақстан облысында ауылдық округ әкімдерінің алғашқы форумы өтіп, онда инфрақұрылым, жол және су мәселелері…