Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған форум ел назарын аударды

2026 жылғы 3 наурызда Жайық арена спорт кешенінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды жастар форумы өтті. Іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан 4000-нан астам жас жиналды.

Форум заманауи форматта ұйымдастырылып, Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасы саяси жүйеге, экономикаға және қоғамдық келісімге әсерін атап өтті. Қатысушылар референдумның маңызын қолдап, белсенді позиция танытуға дайын екендерін білдірді.

Кештің әсерлі сәті – 2000 фонариктен құралған «таңдау» символы. Дронмен түсірілген көрініс жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады. Әлеуметтік желіде #БізҚолдаймыз хештегі кең қолдау тапты.

Мәдени бағдарламада Rafa, Алина Герц және хедлайнер Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.

Форум соңында мыңдаған жас «Атамекен» әнін бірге орындап, жаңа Конституцияны қолдайтынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын нақты көрсетті.

Ұқсас жазбалар

Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагері Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады: хатта не жазылған?

Сауд Арабиясының королі мен тақ мұрагері Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады, онда екі ел арасындағы ынтымақтастықты…

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ӨҢІРАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ҚАДАМДАРЫ  

Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Саратов облысы мен Қазақстан Республикасы іскерлік қауымдастығы…

Батыс Қазақстан облысында ірі кәсіпорындар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қосылды

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды экологиялық акция өтті. Бұл шарада өңір…