Бүгін Swiss International Air Lines әуе компаниясының Сеул-Цюрих бағытындағы ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшқыштар шұғыл шешім қабылдаған. Әуежай қызметтері төтенше жағдайға дайын болды.
Қазіргі уақытта ұшақты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Алматы әуежайының ресми өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

