Categories Спорт

Ұландықтар Геннадий Головкинді ерекше форматта құттықтады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері әйгілі боксшы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына қабылдануымен құттықтау үшін патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шара барысында ұландықтар саптық алаңда спортшының әлемге танымал «GGG» белгісін бейнелеп, оның Қазақстан спортына қосқан үлесіне құрмет көрсетті. Салтанатты іс-шараны Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі ашып, әскери музыканттар Головкиннің жекпе-жектер алдындағы дәстүрлі әніне айналған Seven Nation Army туындысын орындады.

Құрмет қарауылы ротасының әскери қызметшілері жоғары саптық шеберліктерін көрсетіп, акцияның әсерін күшейтті. Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, Геннадий Головкиннің табандылығы мен спорттағы жетістіктері жастарға үлгі. Оның есімі енді Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо секілді әлемдік бокс аңыздарымен қатар аталады.

Головкин әуесқой бокста 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі болды. Кейін кәсіби рингте де жоғары нәтижелер көрсетіп, елдің спорттағы абыройын әлемдік деңгейде танытты. 15 маусымда Геннадий Головкин ел тарихында алғаш рет Халықаралық бокс Даңқ залына қабылданған спортшы атанды.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен ойнайды

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен кездеседі.

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына ұсынылды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) президентінің орынбасары лауазымына кандидат ретінде…

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, 1/8 финалға шықты

Канада құрамасы ОАР қақпасына соңғы минутта гол соғып, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.