Астанада 6-7 жастағы велосипедші баланы көлік қағып кетті

Сурет: threads.com

Астанада Қошқарбаев даңғылы мен Жұмабаев көшесінің қиылысында 12 маусымда шамамен 6-7 жастағы велосипед мінген баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлер бұл оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жазды. Олар оқиға орнынан фотосуреттер жариялаған.

Астана қаласы полиция департаменті ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, Ford автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кеткен. Зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізген.

Қазіргі уақытта полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр. Бұған дейін Астанада жүк көлігі велосипед мінген баланы қағып кеткен еді.

Ұқсас жазбалар

Президент «Психологиялық қызмет туралы» заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Венесуэлада жер сілкінісінен 8 күн өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

Венесуэлада құтқарушылар жойқын жер сілкінісінен сегіз күн өткен соң үйінді астынан 44 жастағы ер адамды…

3 шілдеде Астананың үш ауданында электр жарығы уақытша өшеді

3 шілдеде Астананың Алматы, Нұра және Сарыарқа аудандарында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр жарығы уақытша…