Categories Жайық news

Астанада полицейге оқ атқан күдікті «адам өлтіруге оқталу» бабымен қамалды

Астанада полиция қызметкеріне оқ атқан ер адам «адам өлтіруге оқталу» күдігімен қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 14 қаңтарда елорданың орталық аудандарының бірінде болған. Қызметтен тыс уақытта жүрген полиция қызметкері қарулы ер адамды байқап, оны өз бетінше ұстамақ болған. Сол кезде күдікті офицердің арқасынан оқ атқан.

«Күдіктіге қатысты «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қару тәркіленді», – делінген Ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Оқ жарақатын алған полиция қызметкері қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Алғашқы күндері ол жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қарағандыдағы дәмханада газ баллоны жарылды: Зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр

Қарағандыда дәмханада газ баллоны жарылып, төрт адам зардап шекті. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде…

Трамп пен Зеленский кездесті: АҚШ президенті Путинге қандай хабар жолдады?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский жабық есік жағдайында келіссөз өткізді. Трамп…

Тоқаев пен Трамп Давоста не туралы сөйлесті: Ақ үй құжатындағы дерек талқыланды

Давостағы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың назарын Ақ үйдің ресми құжатындағы Қазақстанға қатысты маңызды дерекке…